386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада түрмедегі бүліктен көз жұмғандар саны 16 адамға жетті

  • 381
  • UPD: 15:30, 12.10.2017

Бұған дейін 13 кісінің қазасы жайлы хабарлаған едік.

Бұл оқиға Нуэво-Леон штатындағы абақтыда болды. Мұнда жанжалдасушы екі топ бір-бірімен қақтығысқа түскен. Тәртіпсіздіктер кезінде сотталушылар ғимаратқа от қойып, күзетшілерді тұтқынға алған. Кейбір мәлімет бойынша, олар түрме басшылығын ауыстыруды талап етіпті. Бүлікті басу үшін өңірге қосымша күш тартылды. Алайда қылмыскерлер қарсылық танытып, тәртіп сақшыларына қару қолдануға тура келді. Қазір мамандар марқұмдардың қайсысы полицейлердің оғынан, қайсысы текетірестен көз жұмғанын анықтап жатыр.      

Хабар 24 телеарнасы