376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэйр-эз-Зор қаласынан қашқан 27 мың босқын уақытша баспана тапты

  • 507
  • UPD: 14:46, 13.10.2017

27 мың сириялық босқын Эль-Хасака қаласындағы уақытша лагерьге қоныстанды. Өйткені олар әскерилер мен Ирак және Левант лаңкестік тобының арасындағы шайқастың кесірінен Дэйр-эз-Зор қаласынан бас сауғалап, қашып шығуға мәжбүр болған.

Алайда уақытша орталық тек 19 мың адамға шақталған. Лагерьде қазір төсек орындары мен шатырлар тапшы. 

Шраби Давоуд, босқын: 

- Үйімізде қалу өмірімізге қауіпті болғандықтан, атыс-шабыстан қашып осында келдік. Мал-мүлкімізді тастап, тек керекті киім-кешек қана алдық. Лагерьде бізді қабылдап, тіркеуге алды.  

Естеріңізге сала кетейік, Дейр-эз-Зор үшін шайқас бірнеше айға созылған еді. Қыркүйектің соңында үкімет әскері қаланы содырлардан азат етті. Алайда лаңкестердің әскерилерге қарсы шабуылы басылар емес.

Хабар 24 телеарнасы