378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ пен Британияның Brexit туралы келіссөзі тығырыққа тірелді

  • 441
  • UPD: 14:46, 13.10.2017

Еуроодақ пен Ұлыбритания арасындағы Brexit бойынша келіссөздер тығырыққа тірелді. Бұл туралы Брюссельде өткен пікірталастың бесінші раундынан кейін Еуроодақ тарапынан келіссөз жүргізуші Мишель Барнье мәлімдеді. Лондон Одақтан шығу үшін төленетін өтемақы сомасын айтудан бас тартқан. Мұны келіссөз жүргізуші «түсініксіз жағдай» деп атап өтті. Сондай-ақ бір аптадан соң Лондон мен Брюссель арасындағы сауда дауларын талқылайтын Еуроодақ Саммитине де дайын еместігін жеткізді. Ұлыбританиядағы еуропалықтардың жағдайы, Ирландия мен Солтүстік Ирландия шекарасындағы мәселелер де әзірге шешусіз күйінде қалып отыр.

Мишель Барнье, ЕО-дан Brexit бойынша келіссөз жүргізушісі:

- Біз тек техникалық мәселелерді талқыладық. Бірақ Ұлыбританияға қатысты өтемақы көлемі бойынша тығырыққа тірелдік. Бұл жобаға қатысушы мыңдаған еуропалық үшін алаңдарлық жағдай. Сондай-ақ салық төлеушілер де мазасыздануы мүмкін. Дегенмен британдықтар үшін Еуроодақта және еуропалықтар үшін Ұлыбританияда құқықтық кепілдіктер бойынша прогреске қол жеткіздік деп айта аламын.

Дэвид Дэвис, Ұлыбританияның ЕО-тан шығу бойынша министрі: 

- Көп іс атқардық, дегенмен, әлі де маңызды міндеттер жетерлік. Маусым айында қол жеткен маңызды прогрес туралы да айта кеткен жөн. Сотта азаматтардың құқығының кепілдігі  туралы келісімді таяу арада шешеміз деген ойдамын. Біздің одақтан шығуымыз Ұлыбритания мен Еурооадақтың болшақтағы қарым-қатынасы жайлы пікірталасқа байланысты болма және біз бұл үдерісті бастауға толықтай дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы