Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия үкіметі Ирактық Күрдістан аймағы үшін әуе кеңістігін жапты

  • 512
  • UPD: 19:41, 17.10.2017

Сонымен қатар екі ел шекарасындағы «Ибрагим Халиль» тексеру-бақылау бекетін Ирак үкіметінің қарамағына беру туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бекир Боздаг мәлімдеді. Себебі жексенбі күні Ирак билігі тәуелсіздігін жариялаған автономды аймақпен даулы Киркук аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету операциясын бастаған еді. Осыдан кейін Ирактың Киркук провинциясында елдің қарулы күштері мен күрдтердің пешмерга жасағы арасында қақтығыстар болды.

Айта кетейік, Ирактағы Күрдістан 25 қыркүйекте тәуелсіздік туралы референдум өткізді. Алайда ресми Бағдад оны заңсыз деп, Киркук төңірегіндегі жанжал өршіп кетті. Өйткені провинция автономиялық аймақтың құрамына кірмейді. Соған қарамастан оның көп бөлігін күрдтердің пешмерга жасағы бақылауда ұстап отыр.

Бекир Боздаг, Түркия министрлер кабинетінің өкілі:

- Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ұсынысымен министрлер кабинеті Ирактың солтүстігінен келетін ұшақтарға әуе кеңістігін жапты. Осы уақыттан бастап бірде-бір ұшақ Ирактық Күрдістан бақылауындағы әуежайларға ұшпайды және ол жақтан шыққан әуе көлігі біздің кеңістігімізді пайдалана алмайды.

Хабар 24 телеарнасы