389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үш жарым жыл бұрын жоғалып кеткен малайзиялық ұшақты іздестіру жұмыстары қайта басталуы мүмкін

  • 499
  • UPD: 09:02, 19.10.2017

Өйткені 3 бірдей жекеменшік компания өкілдері Малайзия билігіне көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізген.

Олардың екеуі – шетелдік фирма. Енді бірі – жергілікті компания.

Лиоу Тион, Малайзияның көлік министрі:

- Қазір осы 3 компания өкілдерімен келіссөздер жүріп жатыр. Оған біраз уақыт кетеді. Осыдан кейін ғана бұл мәселе Малайзия билігімен қоса, Қытай және Аустралия тараптарының қатысуымен талқыланып, нақты бір шешім қабылдауға тырысамыз. Өйткені бұл елдер іздестіру-құтқару комитетінің құрамына кіреді.

Куала-Лумпурден Бейжіңге бет алған малайзиялық ұшақ 2014 жылдың 8 наурызына қараған түні радар экрандарынан жоғалып кеткен. Онда 227 жолаушы және 12 экипаж мүшесі отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне құлаған болуы мүмкін. Өйткені бір жылдан кейін Франция иелігіндегі Реюнь-Он аралынан ұшақ сынықтары табылды. Ал іздестіру операциясы биыл қаңтарда тоқтатылған.

Хабар 24 телеарнасы