389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак әскері Мосулдағы бөгетті бақылауына алды

  • 431
  • UPD: 15:27, 20.10.2017

Ирак үкіметінің әскері 2014 жылдан бері күрдтердің пешмерга жасақтары қолында ұстап келген Мосулдағы су бөгетін бақылауына алды.

Әскерилердің мәлімдеуінше, күрд күштері нысанды еш ұрыссыз тастап кеткен. Сондай-ақ Ниневия провинциясында да ресми Бағдадтың билігі орнағанын жеткізді. Ал күрд жасақтары бұл аймақты 2014 жылы «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» содырларынан азат етіп, бақылауында ұстап келген. Бірақ 25 қыркүйекте автономды аймақ тәуелсіздік туралы референдум өткізген соң ресми Бағдад пен Эрбиль арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Билік Ирактың Күрдістандағы саяси шара заңсыз деп, ел аумағының тұтастығын сақтауға бағытталған әскери операцияны бастады. Осы аптада үкімет күштері Киркук провинциясын бақылауына алды. Ал автономды аймақтың тәуелсіздігіне көрші Түркия, Иран, Сирия елдері да қарсы екенін білдірді.

Нахим әл-Джибури, Ирак әскерінің генерал-лейтенанты:

– Қазір біз Мосул қаласының жанындағы су бөгетінің маңында орналасқан күштерімізді тексеріп шықтық. Енді осы өңір тұрғындары оның қауіпсіздігі үшін алаңдамаса болады. Бүкіл Ирак үшін маңызды су бөгеті әрқашанда қырағы қорғалады.

Хабар 24 телеарнасы