389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лаңкестік әрекеттерге итермелейтін контент бірден бұғатталады

  • 440
  • UPD: 15:25, 21.10.2017

«Үлкен жетіліктің» ішкі істер министрлері ғаламтор алпауыттарымен келісім жасады.

«Джи-7» ішкі істер министрлерінің саммиті Италияның Искья аралында өтті. Басқосуға сондай-ақ Майкрософт, Фейсбук, Твиттер мен Гугл өкілдері де қатысқан. Олар лаңкестік қаупіне қарсы одақ құру идеясын бірауыздан қолдады.

Бүгінде содырлар ғаламтор мүмкіндіктерін өздерінің идеологиясын таратып, арам әрекеттерін қаржыландыру үшін пайдаланады. Сондықтан саммитке қатысушылар «оларға төтеп беретін жаңа технологиялар қажет» деген қорытындыға келді. Осы ретте күдікті контенті шұғыл түрде бұғаттау әдісінің пайдасы зор екені айтылды. 

Марко Миннити, Италияның ішкі істер министрі:

– Бұл одақ бірнеше мемлекеттің үкіметі мен алпауыт ғаламтор-провайдерлер арасында құрылып отыр. Басты мақсатымыз  – еркіндігіміздің шектелуіне жол бермеу. Өйткені «Ирак пен Левант» лаңкестік тобы мен «Әл-Каида» жендеттері бостандығымызға қауіп төндіріп отыр. Сол себепті жұмыла әрекет етіп, ортақ міндеттерді атқаруға келістік.

Хабар 24 телеарнасы