384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзияда лай көшкінінен 3 жұмысшы қаза тапты

  • 318
  • UPD: 17:58, 21.10.2017

Малайзияда лай көшкіні жүріп, құрылыс алаңын басып қалды.

Салдарынан 3 шетелдік жұмысшы қаза тауып, тағы екеуі жарақат алған. Оқыс оқиға Джорджтаун қаласында болды. Жергілікті билік өкілдері қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Өйткені оннан астам адам табылмай жатыр. Бұл негізінен Индонезия мен Бангладештен келген жұмысшылар. Қытайда да осыған ұқсас жағдай. Мұнда елдің оңтүстік-батысындағы ауылда лай көшкіні жүріп, 9 адам хабар-ошарсыз кетті.

Хабар 24 телеарнасы