383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мюнхенде бәзбіреу жаяу жүргіншілерді пышақпен шабуылдады

  • 385
  • UPD: 19:43, 21.10.2017

Германияның Мюнхен қаласында белгісіз біреу пышақпен жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, 5 адам жараланды.

Соңғы мәліметке қарағанда, полиция күдіктіні ұстаған. Куәгерлердің айтуынша, велосипед мінген қаскөй шаһардың бірнеше көшесі мен алаңында әрекет еткен. Сондай-ақ қылмыскердің жасы 40-тар шамасында екен және арқасына сөмке іліп алып жүрген көрінеді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Маркус де Глориа Мартинс, полиция өкілі:

– Бүгінгі шабуылдарды қамауға алынған осы күдікті жасады ма, ол жағын кесіп-пішіп айта алмаймыз. Бірақ оның түр-сипаты куәгерлердің берген сипаттамасына сәйкес келеді. Ал оқиғаға келетін болсақ, жалпы 6 шабуыл жасалған. Жараланған адамдардың ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы