384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Гуттериш БҰҰ күніне орай баяндама жасады

  • 434
  • UPD: 23:21, 21.10.2017

24 қазан – БҰҰ күні. Ол 1948 жылы қауымдастық жарлығы қабылданғаннан бері аталып келеді.

Осыған орай Бас хатшы Антониу Гуттериш баяндама жасады. Ол өз сөзінде әлем алдында тұрған маңызды мәселелерге тоқталып, халықаралық ұйымды қақтығыстардың шиеленісуі, айрықша табиғи құбылыстар мен ядролық қарусыздануды қамтитын қауіпісіздік саласындағы қатерлер алаңдатып отыр деді. Сондықтан алауыздықты тоқтатып, «Біз – халықпыз» деген ортақ тұжырымдаманы жүзеге асыруға күш салу керектігін айтты.

Дурга Прасад Бхаттарай, БҰҰ-дағы Непал өкілі:

– Бейбітшілік, қауіпсіздік және адам құқықтарын қорғау. Біз осы және басқа да мәселелерді күн сайын талқылаймыз. Мысалы, ядролық қарусыздану ұйымның күн тәртібінен түскен емес. Жаппай қырып-жою қаруын сынауды тоқтатпай, бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату мүмкін емес. Ауа райының өзгеруі де ең өзекті мәселелердің бірі. Сонымен қатар Непал мен Қазақстанның ұйымда тығыз ынтымақтасып, әрекет етіп келе жатқанын айта кеткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы