385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда балалар порнографиясын тарататын халықаралық ұйым құрықталды

  • 651
  • UPD: 07:35, 23.10.2017

Бразилиялық тәртіп сақшылары балаларға қатысты бейәдеп насихат түрлеріне қарсы ауқымды шара өткізді.

Биліктің дерегі бойынша, құқық қорғау органдары балалар порнографиясын тарататын халықаралық ұйымның жолын кескен. Күдіктілер елдің бірқатар штатында қолға түсті. Шамамен 90-нан астам адам қамауға алынған. Сондай-ақ америкалық елшіліктің қызметкерлері де жауапқа тартылды. Бразилиядағы бұл арнайы операцияға мыңнан аса тыңшы қатысқан деседі.

Торкату Жардим, Бразилия әділет министрі:

– Олардың мұндай бейәдеп материалдарды сақтауының өзі, тіпті қойылымдық түсірілімдер болса да, қылмыстық іс қозғауға негіз бола алады.

Хабар 24 телеарнасы