388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ рохинджа босқындарына көмек берді

  • 403
  • UPD: 13:25, 23.10.2017

АҚШ билігі рохинджа халқына қосымша 40 миллион доллар бөлді.

Осылайша Құрама штаттардың Мьянмаға берген көмегінің көлемі 104 миллион долларға жетті. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Елдің сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қаржы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасына, ЮНИСЕФ балалар қорына, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына және Халықаралық көші-қон ұйымына беріледі. Бұл орталықтар Мьянмадан бас сауғалап шыққан рохинджа босқындарына қажетті көмекті үлестіреді. Сондай-ақ АҚШ Мьянма үкіметін босқындардың емін-еркін үйіне оралуына мүмкіндік беруге және гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізуге жағдай жасауға шақырды.

Алама Кхатон, босқын:

– Осында жету үшін 6 күн жаяу жүрдім. Олар бізге қысым көрсетіп, үйімізге от қойды. Мал-мүлкіміз бен егінімізді жинай алмадық. Қаңыраған далада аш қалдық. Ер азаматтарымыздың еркін тіршілік етуіне де тыйым салды.

Майкл Дунфорд, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі:

– Біздің ұйым осы күнге дейін 580 мың адамды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Кеше тағы 10 мың адам қосылды. Қайырымдылық ұйымдары барынша көмек беріп жатыр. Бірақ осы қорды ақпан айына дейін сақтап қалу үшін 54 миллион АҚШ доллары керек.

Хабар 24 телеарнасы