384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда 24 қаланы көк түтін тұмшалады

  • 568
  • UPD: 13:29, 23.10.2017

Италияның солтүстігі көк түтін.

Мұндағы 24 қалада ауадағы зиянды заттардың мөлшері Еуропалық одақта рұқсат етілген көрсеткіштерден асып кеткен. Әсіресе Милан мен Туринде жағдай қиын. Бұл қалаларда «Еуро-5» экологиялық класынан төмен көліктермен жүруге үзілді-кесілді тыйым салынды. Сондай-ақ жылу беру маусымы да кейінге шегерілді. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта Туринде ауаның ластануына байланысты аурулардан көз жұму дерегі жиілеп кеткен. Ал жергілікті билік тұрғындарға терезені ашпауға және мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп отыр. Өңірді көк түтін басқанын ғарыштан да көруге болады. Ал бұл жағдайға нақты не себеп екені әлі анықталмаған. Прокуратура қоршаған ортаны ластау туралы іс қозғады. Синоптиктер алдағы күндері жаңбыр жауатынын хабарлаған. Мамандар сол кезде қою түтін сейілуі мүмкін екеніне үміттеніп отыр. 

Антонелло Пазини, Италия Ұлттық зерттеу кеңесінің маманы:

– Түтіннің пайда болуы ауаға бөлінген зиянды заттардың мөлшеріне және атмосфераның жағдайына байланысты. Падан ойпатында қазір жел соқпай тұр. Сонымен қоса Италияда жаңбыр жаумағанына біраз болды. Өткен қыс, көктем мен жаз құрғақ болды. Жауын-шашын мен қар аз түскен. Сөйтіп түтіннің пайда болуына 3 негізгі себеп бар. Олар желдің соқпауы, жаңбырдың аз жаууы және күнделікті ауаға бөлінетін зиянды заттар.

Хабар 24 телеарнасы