387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда 245 адам отыз метрлік көпірден бір мезгілде секірді

  • 452
  • UPD: 18:59, 23.10.2017

Бразилияда қауіпті трюк жасауға жаны құмар 245 адам бір мезгілде биіктігі 30 метрлік көпірден бірге секірді.

Олар әрекетпен жаңа рекорд орнатпақ болған. Бірақ Гиннестің рекордтар кітабынан келген өкілдер мұны әлі ресми растаған жоқ. Дегенмен экстремалдар өздерінің былтырғы рекордын жаңартты. Өткен жылғы шараға барлығы 149 спортшы жиналған еді. Биыл жүрек жұтқан азаматтар Сан-Паулуға жақын жердегі аспалы өткелден секірді.  

БЛИЦ:

- Бұл көзсіз ерлік. Сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Қайталанбас күй кештім. Биіктен секірген сәтте ұмытылмас әсер алдым.

- Жүрегім тоқтап қалғандай болды. Жүріп-тұрмақ түгілі тілім байланып, сөйлей алмай қалдым. Әлемдік рекорд орнаттым деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы