386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальтада премьер-министрдің жемқорлыққа қатыстылығы туралы жазған журналист қаза тапты

  • 538
  • UPD: 21:48, 23.10.2017

Мальта астанасы Валлеттада он мыңға жуық адам шеруге шықты. Олар қастандық жасалған танымал журналист Дафна Каруана Галицияның өлімін мұқият тексеруді талап етеді.

Қандай да бір ақпарат берген адамға үкімет 1 миллион еуро беретінін мәлімдеді. Ал 53 жастағы журналист соңғы уақытта ел премьер-министрі Джозеф Мускат пен оның екі көмекшісінің сыбайлас жемқорлыққа барғанын зерттеп жүрген.  Бірақ 16 қазан күні үйінен шығып, көлігіне отыра бергенде жарылыс болып, қаза тапты. Галиция өз мақаласында Джозеф Мускат жұбайымен бірге заңсыз ақшаны жасыру үшін оффшорлық есеп-шотты пайдаланды деп жазған болатын.

Джозеф Мускат, Мальта премьер-министрі: 

- Бұл қылмыс жай оқиға емес. Біздің қоғамымызға қарсы әрекет. Сондықтан үкімет ақиқатты анықтау үшін барлық қажетті шараларды қолданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы