389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы Венеция мен Ломбардия автономдығын ұлғайтуды қалайды

  • 468
  • UPD: 07:55, 24.10.2017

Италияның Венеция мен Ломбардия аймақтарында өңірдің автономиясын ұлғайту туралы референдум өтіп, дауыс берушілердің барлығы дерлік қолдады.

Венецияда ұсынысты сайлаушылардың 98%-ы, ал Ломбардияда дауыс берген тұрғындардың 95%-ы қолдауын білдірген. Алайда екі референдумның да ешқандай заңдық күші жоқ, тек кеңестік сипатқа ғана ие. Ал Италия билігі саяси шараны Испанияның Каталония аймағындағы тәуелсіздік туралы референдумнан кейін өткізуге шешім қабылдаған. Өйткені ресми мәліметке сүйенсек, бұл екі аймақта Италия халқының төрттен бір бөлігі өмір сүреді. Елдің жалпы ішкі өнімінің үштен бір бөлігі осы өңірлердің еншісінде. Сондықтан Венеция мен Ломбардия билігі орталыққа төленетін салықтың қомақты бөлігін өңірлердің дамуына жұмсауды қалайды.

Роберто Марони, Ломбардия аймағының президенті: 

- Референдум нәтижесіне өте ризамын. Маған аймақтың миллиондаған тұрғыны артып отырған міндетінің маңыздылығын түсінемін. Енді Римге сапар шегіп құзыретімізді ұлғайтуға және қаржы мәселесін қайта қарауға күш саламын.

Хабар 24 телеарнасы