389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық компаниялар шекаралық қорғанның 8 нұсқасын ұсынды

  • 503
  • UPD: 11:59, 25.10.2017

Америкалық компаниялар Сан-Диего қаласында шекаралық қорғанның 8 нұсқасын ұсынып отыр.

Бұл Дональд Трамптың сайлау алдында берген уәдесінің орындалуына жасалған бірінші қадам. АҚШ президенті: «Заңсыз мигранттармен күрес мақсатында Мексика мен Құрама Штаттар шекарасына қорған тұрғызамын», – деп айтқан еді. Болашақ қорғанның биіктігі шамамен 9 метр. Оған 21 млрд доллардай қаражат жұмсалмақ. Алайда АҚШ конгресі жобаны қаржыландыруға келісім берген жоқ.

Рэй Вильяреал, АҚШ шекара қызметінің өкілі:

- Ескі қорғанның салынғанына 20 жылдан асып кетті. Оның қабырғасы  90-ыншы жылдардың басында қаланған. Соңғы үш жылда 2 мыңға тарта заң бұзушы қоршаудан өтіп кетті.

Америка мен Мексика аралығындағы қорған 1 078 шақырымға дейін созылады. Ал жалпы шекараның ұзындығы 3 145 шақырым. Келешек қорғанның жобасымен 6 америкалық компания айналысқан. Мамандар оның беріктігімен қатар сәулетіне де көңіл бөлген. Бұл жобалар қараша айының соңында сарапқа салынады.

Хабар 24 телеарнасы