386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактық Күрдістан Бағдадпен келіссөз жүргізуге дайын

  • 390
  • UPD: 13:54, 25.10.2017

Ирактағы Күрдістан билігі Ирак үкіметін алауыздықты доғарып, келіссөздер жүргізуге шақырып отыр.

Сондай-ақ ресми Эрбиль референдум қорытындысын уақытша тоқтатуға әзір екендігін де білдірді.

Күрд билігінің айтуынша, Ирак әскерилері мен пешмерга қарулы күштерінің арасындағы қақтығыс екі тарапқа да шығын келтіріп, арты қантөгіске ұласып кеткен. Бұл шиеленіс күрдтердің 25 қыркүйекте тәуелсіздік жөніндегі референдум өткізгенінен кейін өршіп тұр.

Ал қазанның ортасында Ирак күштері пешмерга әскерінің бақылауындағы аймақтарды қайтарып алу операциясын бастап кетті.

Хабар 24 телеарнасы