385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильдіктер жылы жаққа бет алған бірқазандарды тамақтандырды

  • 653
  • UPD: 13:58, 25.10.2017

Бірқазандар Африкаға барар жолында Израильге аялдайды.

Мыңдаған құс жолындағы шағын көлдер мен тоғандардағы балықтарды қорек етеді. Ал жергілікті билік балықшылардың кәсібіне зиян келмеуі үшін бірқазандарды өздері тамақтандырып жатыр. Өйткені ашыққан құстар мұндағы шаруашылықтарға орасан шығын әкелуі мүмкін. Осы аймақта аялдайтын жыл құстарына 3 ай бойы  аптасына 4 мәрте 6 тоннадан балық беріліп отырады.

Звика Гербер, «Afikei Emek Hefer» су компаниясының басшысы:

- Бірқазандар тоғандағы балықтардан түк қалдырмай тауысып кетеді. Сондықтан оларды өзіміз тамақтандырамыз. Аймаққа шамамен 400 мыңға жуық бірқазан ұшып келеді.

Бірқазандар әдетте Суданның оңтүстігін қыстайды. Израиль ауылшаруашылық министрлігінің өкілдері: «Құстарға берген азық олардың жылы жаққа қиналмай баруына молынан жетеді», – дейді.

Хабар 24 телеарнасы