387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда химиялық қару қолданылды

  • 786
  • UPD: 15:24, 27.10.2017

Сирияның Хан-Шейхун қаласындағы химиялық шабуылды үкімет әскері жасаған.

Мұндай қорытындыны Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары жариялап отыр. Зерттеушілер аймақта адам өміріне қауіпті улы зарин газының қолданылғанын анықтаған. 

Еске сала кетейік, Хан-Шейхундағы химиялық шабуыл сәуір айының төрті күні жасалды. Салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты. Осыдан кейін Сирия оппозициясы мен Батыс елдері бірден Сирия үкіметіне кінә тағып дабыл қақты. Ал ресми Дамаск өзіне тағылған айыпты мойындамай, арнайы келісім бойынша, билік химиялық қару қорын жойғанын айтып ақталды. Осыдан соң АҚШ әскери күштері үкіметтің Хомс провинциясындағы әскери әуе базасын негізсіз атқылап, 20 ұшағын талқандады. Бұл шабуыл кезінде де бірнеше адам мерт болды. Марқұмдардың арасында таяу маңдағы бейбіт тұрғындар да бар.

Хабар 24 телеарнасы