384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тынық мұхитында 5 ай жүзген америкалық екі әйел құтқарылды

  • 1461
  • UPD: 07:56, 28.10.2017

Тынық мұхитында қайықтары бұзылып, 5 ай бойы айдында иттерімен бірге жай қалқып, жүзіп жүрген екі америкалық әйел құтқарылды.

Оларды АҚШ теңіз күштерінің кемелері тауып алды. Сөйтіп мамырда Гонолулудан шығып Таитиге жетпек болған Дженнифер Эппель мен Таша Фуиаба үйлеріне аман-есен оралады. Ал екі саяхатшының айтуынша, олар Гонолулудан шыққан соң дауылға тап болып, қайық қозғалтқышы істен шыққан. Содан жақын өткен кемелермен жерге қанша хабар жіберсе де нәтиже болмаған. Тек Жапониядан 1 жарым мың шақырым жерде тайваньдық кеме байқап қалып, АҚШ тарапына мәлімдепті. Ал екі саяхатшы жолға шығарда алған бір жылдық азық пен су тазалағыштың арқасында аман қалған.

Хабар 24 телеарнасы