389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалықтарды қандай мәселелер толғандыратыны белгілі болды

  • 525
  • UPD: 17:49, 29.10.2017

Денсаулық сақтау, заңсыз көші-қон, қылмыс және нашақорлық.

Америкалықтарды дәл осы мәселелер көп толғандырады екен. АҚШ-тың Гэллап институтының мамандары жүргізген сауалнама нәтижесі осыған саяды.

2014 жылдың басында тұрғындардың 17 пайызы ғана «нәсілдік қарым-қатынасқа» қатысты алаңдаушылық білдірсе, биыл бұл көрсеткіш 28 пайызға жеткен. Лаңкестік қаупі де жергілікті жұртты көп толғандырып отыр. Ал экономикалық сұрақтар халықты аз алаңдататын секілді. Өйткені былтыр респонденттердің 49 пайызы жұмыссыздық жайлы жиі ойланса, биыл бұл сан 37 пайызға дейін төмендеген. Десе де денсаулық сақтау саласына кететін шығындар әлі де халық арасында көп талқыланады екен. Сауалнамаға қатысқан америкалықтардың жартысынан астамы осындай пікір білдіріп отыр.

Тэра, Вашингтон тұрғыны:

- Мен үшін биліктің медициналық сақтандыру жүйесін реттеу мәселесі қызықты. Өйткені 14 жасымнан бері Лайм ауруымен ауырамын. Бұл сырқатқа шалдыққаныма 20 жылдың жүзі болды. Кейде сараптама жақсы нәтиже көрсеткенде, дәрігерлер емді тоқтатады. Бұл мен үшін қиын. Бірақ біз емнің толық құнын төлейміз. Сондықтан Лайм ауруын емдеу жөніндегі ұлттық қауымдастыққа мәселемді айтып бардым. Осылай билікке тұрақты емделу қажеттігі туралы жеткізгім келіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы