Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мария Шарапова атақты сәулетшімен бірге жаңа кәсіп ашты

  • 386
Мария Шарапова атақты сәулетшімен бірге жаңа кәсіп ашты kaz.vesti.kz

Теннистен «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы ресейлік Мария Шарапова мен америкалық сәулетші Дэн Мейс жаңа кәсіп отыр.

Енді олар бүкіл әлем бойынша фитнес-орталықтарының, қонақүй мен теннис корттарының дизайндарын жасайды.

Лос-Анджелестегі «Стэйплс-центр» спорт кешенін жобасымен жұмыс істеген Мейс Шарапованың Instagram парақшасындағы сұлу суреттерден кейін ресейлік спортшыларға ұсыныс жасаған.

30 жастағы ресейлік теннисшінің айтуынша, оның карьерасындағы жаттығу жасаған теннис корттары мен жаттығу залдары өте ескі болған екен.

«Бұрынғы теннис корттарына қараңыздар. Жағдай жасалмаған. Өте нашар. Сондықтан мен бұл жобаға қатысып отырмын», дейді теннисші.

Шарапова бұған дейін де дәл осындай жобаға қатысқан еді. Нақтырақ айтсақ, ол Лос-Анджелестің оң жағындағы Манхэттен-Бичтегі өзінің үйінің дизайнын жасады.

«Мен сәулетшілермен олардың қалай жұмыс жасайтыны туралы сөйлестім. Сол себепті кез келген жобаның қалай болуы керек екенін және қалай аяқталатынын білемін», – дейді Шарапова.

Еске салайық, Шарапова 2012 жылы Sugarpova маркасымен таратылатын тәттілерді шығаратын компания ашқан еді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы