386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коста-Рикада жолаушы тасымалдайтын екі пойыз соқтығысты

  • 444
  • UPD: 15:46, 31.10.2017

Коста-Рикада жолаушы тасымалдайтын екі пойыз соқтығысып, 21 адам зардап шекті.

Оқыс оқиға  Эредия провинциясындағы Санто-Доминго кантонында болған. Екі пойызда 400-ге жуық жолаушы бар екен.

Қазір жергілікті билік апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Коста-Рикада мұндай пойыздар бір жолды бойлап жүреді. Қайғылы оқиғаға тап болмау үшін олардың біреуі айналма жолмен өтуі тиіс еді.

2016 жылы сәуір айында дәл осындай оқиға салдарынан 106 адам жарақат алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы