380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай билігі қазандықтарды электр қуатына көшіріп жатыр

  • 667

Қытайдың Солтүстігінде жылу маусымына екі апта уақыт қалды.

Қарашаның ортасында көпқабатты үйлерге жылу беріле бастайды. Алайда осы кезеңде жағылған көмірдің салдарынан қалалар қара түтінге көміліп, экологиялық ахуал нашарлап кетеді. Мәселені түбегейлі шешу үшін билік қазандықтарды электр қуатына көшіріп жатыр. Қытай билігі алдағы кезде қысқы маусымда көмірден біртіндеп бас тарпақ ниетте.

Соңғы жылдары Қытай билігі экологияны жақсарту үшін барынша тырысып жатыр. Комунисттік партияның орталық комитеті 5 жылдың ішінде осы бағытта 40-қа жауық реформа енгізген. Қоғамдық және экологиялық мәселерерді зерттеу орталығының директоры Ма Юньнің сөзіне сенсек, қоршаған ортаны қорғау және «жасыл экономиканы» дамыту бойынша да біршама іс тындырылды.

Ма Юнь, Қоғамдық және экологиялық мәселелер институтының директоры:

– Қытай үкіметінің 2015 жылы қабылдаған жаңа заңы әлемдегі ең қатал қоршаған ортаны қорғау заңнамасы деп бағаланды. Бұл заң тіптен экономиканың негізі, қозғаушы күші ауыр өнеркәсіпке соққы болып тиді. Шынымен де, химия өнеркәсібі, темір қорыту, жылыту қазандықтарынан бөлінетін көміртегі газы, тағы да басқа химиялық қалдықтар қоршаған ортаны ластайтын негізгі факторға жатады. Сондықтан бұл кәсіпорындар мемлекет белгілеген нормадан асып кеткен жағдайда қатаң жазаланады.

Былтыр Бейжің-Тяньцзнь-Хэбэй аймақтарында ең зиянды РМ 2,5 қалдығы 30 пайызға азайған. Осы бағытта «Ауаны ластаумен күресу және оның алдын алу әрекеттері» атты арнайы мемлекеттік жоба қабылданды. Қазір бұл іске халық да белсене араласатын болды. Мемлекет ауаның ластану деңгейін жасырмай, жариялап тұрады.

Ли Ганьцзе, Қытай қоршаған ортаны қорғау министрі:

– Біз алдымызға жаңа мақсаттар қойып отырмыз. 2020 жылға дейін қоршаған ортаны ластаудың алдын алуды жалғастыра береміз. 2035 жылға қарай бұл мәселе түбегейлі шешілуі тиіс. XXI ғасырдың ортасында Қытай әлемдегі ең бай, қуатты, демократиялық және өркениетті елге айналуы тиіс.

Қытай басшыларының ойынша, елінің экологиялық мәселелерін шешу арқылы олар жаһандық үрдіске өз үлестерін қоспақ. Қазіргі кезде көршілес ел осы саладағы халықаралық 30-дан астам конвенциялар мен хаттамаларды ратификациялап, ғаламдық климаттық өзгеруге байланысты халықаралық әріптестікті жөнге келтірген. Дегенмен желсіз күндері Бейжіңді бозғылт түтін тұмшалуы тиылған жоқ. Өткен аптада ғана Қытай астанасында ауаның ластануына байланысты қауіптіліктің «қызғылт» деңгейі жарияланды.

Авторы: Н.Бекен

Хабар 24 телеарнасы