389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада соңғы 15 жылдағы ең ірі мұнай кен орны табылды

  • 644
  • UPD: 15:26, 04.11.2017

Ол Веракрус штатында орналасқан. Алдын ала зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мұндағы алғашқы қор көлемі 1 жарым миллиард баррельге бағаланып отыр.

Жаңа орын «Иксачи-1» деп аталады. Алдағы уақытта мұнда қара алтын өндіріле бастауы тиіс. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл жұмыстар әлдеқайда жылдам жүргізіледі әрі арзанға түседі.

Өйткені «Иксачи-1» инфрақұрылымы жақсы дамыған мұнай кен орындарына жақын орналасқан. Айта кеткен жөн, Мексика ОПЕК құрамына кірмейтін елдер қатарында ірі мұнай өндіруші саналады.

 

Соған қарамастан, биыл мұндағы шикізат өндіру көлемі соңғы 22 жылдағы ең төменгі деңгейде қалып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы