385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания соты Пучдемонды тұтқындауға ордер берді

  • 377
  • UPD: 23:37, 04.11.2017

Испан соты Бельгия билігіне Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемонды тұтқындауға ордер берді.

Енді сот Пучдемонды тергеуге шақырып, жақын арада экстрадициялау туралы шешімін жариялайды. Егер де женералитеттің бұрынғы басшысы Испанияға қайтарылмайтын болса, Пучдемонның тергеу палаталары мен кассациялық сотқа апелляциялық шағым жазуға толықтай құқығы бар. Еуропалық ордерлер Ұлттық полиция, Азаматтық гвардия мен Интерполға берілген. Женералитеттің экс-басшысымен қатар қазір Брюссельге үкіметтің бұрынғы 4 мүшесі де келген. 

Естеріңізге сала кетейік, оларға бүлік шығарды, арандатушылықпен айналысты және бюджет қаражатын ысырап қылды деген айып тағылған. Осыған орай Барселонада наразылық шаралары да өтті.

Хабар 24 телеарнасы