389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байкалда итбалықтар қырылып жатыр

  • 654
  • UPD: 07:50, 05.11.2017

Байкалда итбалықтар жаппай қырылып жатыр.

Қазан айының соңынан бастап көл жағасынан осындай 100-ден астам су жануары табылған. Қазір мамандар Қызыл кітапқа енген итбалықтардың неден өлгенін зерттеп жатыр.

Татьяна Десятова, ғылыми қызметкер:

– Итбалық өлексесінде жарақат жоқ. Ауру белгілері де табылмаған. Екі итбалықты Иркутск облысындағы ветеринарлық зертханаға жібердік. Алдын ала мәлімет бойынша олардан жұқпалы аурудың вирусы анықталмады. 

Қазір осы мәселеге байланысты түрлі пікірлер айтылып жүр. Бірі су жануарларының өлімі көлдің ластануы олардың улануына себеп болды десе, кейбіреулері Байкалдағы итбалық санының өсуі осындай жағдайға әкелді дейді. Ғалымдардың дерегі бойынша қазір Байкалда 100 мыңға тарта итбалық тіршілік етеді екен.

Хабар 24 телеарнасы