389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Жапония Солтүстік Кореяға барынша қысым көрсетуге уағдаласты

  • 625
  • UPD: 22:40, 06.11.2017

АҚШ президенті мен Жапонияның премьер-министрі Солтүстік Кореяға барынша қысым көрсетуге уағдаласты.

Тіпті Токиодағы келіссөздер кезінде Дональд Трамп пен Синдзо Абэ мәселені шешу жолында әскери күш қолданудан да тайынбайтынын ескертті. Ақ үй басшысы Пхеньянның арандату әрекетіне бұдан әрі шыдай алмайтынын қайталаған. Ал жапон басшысы Солтүстік Кореяның 35 азаматына қарсы санкция жариялады.

Синдзо Абэ, Жапонияның премьер-министрі:

- Бүкіл әлемге одағымыздың бірлігі бекем екенін дәлелдедік. Енді сөзден іске көшетін сәт келді. Солтүстік Кореяға жан-жақты барынша қысым көрсетуіміз керек.

Сондай-ақ Токиода өткен баспасөз конференциясында Трамп АҚШ-тағы «Қару туралы» заңды қатаңдатуға бағытталған ұсынысқа өз пікірін білдірді. Техастағы атыстан кейін бұл тақырыпты демократтар тағы көтерген. Ақ үй басшысы: «Мәселеге қатысты шешім қабылдауға әлі ерте», деді. Сондай-ақ ол қаскөйді қолында қаруы бар қарапайым адамдардың атып тоқтатқанын да тілге тиек еткен.

Хабар 24 телеарнасы