386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Босқындар қайығынан 26 қыздың өлі денесі табылды

  • 460
  • UPD: 09:44, 08.11.2017

Испанияның әскери кемесіндегілер Италия жағалауында босқындар қайығына кез болып, оның ішінен  26 қыздың өлі денесі табылған.

Олардың дені шамамен 18 жастағы нигериялық азаматшалар. Италия билігі осыған байланысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.

5 босқын қамауға алынды. Ал су көлігіндегі өзге 64 босқын Нигерия, Сенегал, Гана, Гамбия және Суданнан бас сауғалап қашқандар болып шықты. Мигранттардың барлығы Салерно қаласына жеткізілді.

Құқық қорғау ұйымдарының дерегі бойынша, контрабандашылар Италияға жеткізу үшін  босқындардан 6 мың доллар сұрайды екен. Босқындардың көпшілігі өздеріне ұдайы қоқан-лоққы жасалатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы