386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда тайфуннан қаза тапқандар саны 89 адамға жетті

  • 418
  • UPD: 11:58, 08.11.2017

Соңғы дерекке сай 28 тұрғын із-түзсіз кеткен.

Айта кеткен жөн, өткен аптада елдің орталық бөлігінде ойран салған дауыл өзімен бірге нөсер алып келген еді. Салдарынан біраз ауданды су басты. Теміржол қатынасы іркіліспен жұмыс істеп тұр.

Бірқатар аудан халқы жарықсыз отыруға мәжбүр. 2 мыңнан аса үй қирап қалса, тағы 80 мыңына нұқсан келген. Негізі жергілікті мамандар «Дамри» соңғы екі жылдағы ең алапат дауыл екенін айтады. Қазір мамандар құтқару және көмек көрсетудің ауқымды жоспарын жасап тиісті жұмыстарды қолға алған.

Хабар 24 телеарнасы