385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссель Мадрид пен Барселонаны келіссөзге шақырды

  • 446
  • UPD: 14:16, 09.11.2017

Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон мен оның серіктестерінің Бельгияда жүруі елді тығырыққа тіреп отыр.

Өйткені премьер-министр Шарль Мишель еуропалық пен бельгиялық шенеуніктердің осы мәселеге қатысты үнсіздігін бұзып, парламентте депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Олар корольдіктің де сепаратистік көңіл-күйден қорқатынын білдірді. Сондықтан үкімет басшысы Шарль Мишель Мадрид пен Барселонаны келіссөзге шақырып отыр. Бірақ корольдік қашқын каталондықтарды кері қайтару мәселесіне араласпайтынын атап өтті.

Шарль Мишель, Бельгия премьер-министрі:

– Бельгия үкіметі заңның басымдығын, демократиялық құндылықтарды және кез келген еуропалық азаматқа қатысты әділдіктің болғанын құрметтейді. Бұл Пучдемон мырзаға да қатысты. Айтайын дегенім, саяси дағдарыс Бельгияда емес Испанияда. Тұтқындау туралы еуропалық бұйрық – үкімет емес, соттың ісі. Мен Испанияда бір аптадан кейін болатын сайлаудың демократиялық жолмен өтетініне үміттімін.

Хабар 24 телеарнасы