378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерді әдейілеп соқты

  • 421
  • UPD: 15:29, 11.11.2017

Францияның оңтүстігіндегі Бланьяк коммунасында көлік жүргізушісі бір топ жүргіншіні қағып өтті.

Жол апатынан 3 адам зардап шеккен. Үшеуі де Қытай азаматы. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, екеуі ауыр халде. Ал автокөлік жүргізушісі көп ұзамай қолға түсті. Тергеу барысында 28 жастағы жүргізуші адамдарды әдейілеп қаққанын мойындаған. Қазір құқық қорғаушылар оның мұндай әрекетке не мақсатта барғанын анықтап жатыр. Әзірге полицейлер жол апатын террорлық акт деп қарастырған жоқ. Кейбір басылымдар жүргізушінің шизофрения дертімен ауыратынын жазған.

Хабар 24 телеарнасы