384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадуро елдің дефолтқа бармайтынын мәлімдеді

  • 368
  • UPD: 15:27, 13.11.2017

Венесуэла президенті Николас Мадуро өз елінің ешқашан сыртқы қарызын төлей алмайтындығына байланысты дефолт жарияламайтынын мәлімдеді.

Себебі ел басшысының айтуынша, Венесуэла өзінің барлық міндеттерін орындап отырса да, сырттан экономикалық қыспаққа ұшырап отыр. Бірақ бұған дейін Венесуэла 13 қараша күні несие берушілерге 1 жарым миллиард доллар берешегін төлемесе, мемлекетке дефолт қаупі төніп тұрғаны хабарланған еді. Ал жалпы елдің сыртқы қарызының көлемі қазір 120-150 миллиард долларға дейін жеткен. Бүгін үкімет оны қайта құрылымдау туралы шетелдік несие берушілермен алғашқы келіссөз бастауы тиіс. Ресми Каракастың айтуынша, бұл кездесуге 414 инвестор қатысуға келісімін берген. Мадуро бұл шетелдік несие берушілердің 91 пайызы деп отыр.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті: 

– Біз сыртқы қарызды құрылымдау жөнінде келіссөз бастаймыз. Қазір бұл мәселе бойынша Қытай елімен байланыс өте жақсы жүріп жатыр. Ресеймен де келіссөз аяқталуға жақын. Бұл мемлекетпен қарызды қайта қаржыландыру туралы келісімге осы аптада қол қоюымыз мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы