387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода жүк пойызы апатқа ұшырап, 33 адам ажал құшты

  • 429
  • UPD: 18:00, 13.11.2017

Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігінде жүк пойызы апатқа ұшырап, 33 адам опат болды.

Отарбаға тез тұтанатын жанғыш заттар тиелген екен. Алдын ала мәлімет бойынша, оған бір топ жолаушы да мінсе керек. Оқыс оқиға пойыз енді дөңге көтеріле бергенде болған. Вагондары рельстен шығып кетіп, артынша отқа оранған.

Апаттың нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы