374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда әскерилерге шабуыл жасалды

  • 263
  • UPD: 20:44, 14.11.2017

Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары полицейлерге шабуыл жасап, 27 адам қаза тапты.

Оқиға Кандагар мен Гульменд провинциясында болды. Қарулы тәліптер полиция бекеттерін шабуылдап, ізінше кескілескен атыс басталған. Ұрыс 2 сағатқа созылып, сарбаздар 40 лаңкестің көзін жойды, тағы 35-ін жаралаған. Жергілікті билік қарулы қақтығыс аз уақытқа созылғанмен, бұл лаңкестердің соңғы жылдары жүзеге асырған ең ірі шабуылы болды деп отыр. 

Айта кету керек, Ауғанстандағы жағдай әлі оңалмай келеді. Керісінше соңғы уақытта ауылды жерлерде ықпалы басым «Талибан» радикалды қозғалысы әскери қимылдарын үдетіп, ірі қалаларды бақылауына алуға күш салып жатыр. Бұған қоса «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» содырларының да әрекеті белең ала бастаған. 

Осы категория бойынша: « Атақты Барби қуыршақтары мұсылманға айналды БҰҰ АСЕАН-тың лаңкесттікке қарсы декларациясын қолдайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы