366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың NASA агенттігі ғарышқа жаңа жерсерік ұшырды

  • 466
  • UPD: 17:10, 19.11.2017

Мамандардың айтуынша, оның көмегімен ауа райын 7 күн бұрын болжауға болады.

Бұл жобаны NASA мен АҚШ-тың мұхит пен атмосфералық зерттеулер басқармасының өкілдері бірлесе жасаған. Аппарат 824 шақырым биіктікте қозғалып, Жерді тәулігіне 14 рет айналады. Ал мамандар ауа температурасы мен оның ылғалдылығы, сулардың түсі, бұлт, жанартау және өрт ошақтары туралы ақпараттарды тіркеп отырады. Сондай-ақ олар сұрапыл желдің бағыты мен зардаптарын анықтап, жарық көздерін нақты қай жерлерде айыруға болатынын алдын ала жариялайды.

Жерсерік үш ай бойы сынақтан өткізіледі. Содан кейін аппарат толықтай пайдалануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы