366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда тұрғын үй өртеніп, 19 адам қаза тапты

  • 310
  • UPD: 19:46, 19.11.2017

Қытай астанасы Пекиннің оңтүстігіндегі шеткі ауданда тұрғын үй өртеніп, 19 адам қаза тапты.

Тағы 8 тұрғын жарақат алған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 3 сағаттай алысып, әзер өшірген. Оған 14 сөндіруші топ пен 34 техника жұмылдырылған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт тұрғын үйдегі заңсыз өндірістік нысанда пайда болып ары қарай барлық ғимаратқа жайылған. Ал тұрғын үйдегі пәтерлердің көбі жалға беріліп келген. Бірақ әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы