386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абу-Кемаль қаласы содырлардан азат етілді

  • 623
  • UPD: 11:28, 20.11.2017

Сирияның үкімет жасағы халықаралық коалицияның қолдауымен Абу-Кемаль қаласын толық азат етті.

Алайда содырлар мұнда көптеп жарылғыш заттар қойып кетіпті.

Қазір мамандар соларды залалсыздандырумен айналысып жатыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, тұрғындар тиісті жұмыстарды аяқтағаннан кейін ғана үйлеріне орала алады. Оның үстіне қазір шаһардың көп бөлігінде су мен жарық жоқ.

Айта кеткен жөн, Дейр-эз-Зор провинциясындағы Абу-Кемаль Иракпен арадағы шекараға жақын орналасқан. Негізі қарашаның басында әскерилер қаланың азат етілгені жайлы хабарланған еді. Алайда «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жендеттері көп ұзамай шабуыл жасап, оны өз бақылауына кері қайтарған.

Енді Дейр-эз-Зор провинциясындағы бірнеше ауыл ғана экстремистердің уысында қалып отыр. Десе де жергілікті билік: «Жаудың шаһар мен оның төңірегіндегі елді мекендерге қайта шабуыл жасауы ғажап емес», – дейді. Өйткені өңірде жиі шаңды дауыл тұрып, көру мүмкіндігі төмендеп кетеді. Лаңкестер күтпеген жерден шабуыл жасау үшін көбіне осы жағдайды пайдаланады екен. 

Жергілікті тұрғын:

Әскерилер бізді қаладан қауіпсіз жерге көшірді. Енді балаларымның амандығы үшін алаңдамасам да болады. Ұзақ жылдар бойы лаңкестерден қорқып-үркіп, үрей құшағында өмір сүрдік. Одан қалса, тойып тамақ ішпегелі де біраз болды.

Хабар 24 телеарнасы