384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтетін болды

  • 492
  • UPD: 11:28, 20.11.2017

Өйткені кешегі дода барысында кандидаттардың ешбірі 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаған.

Сөйтіп 17 желтоқсанға жоспарланған сайлаудың екінші кезеңінде бұрынғы президент Себастьян Пиньера мен сенатор Алехандро Гильиер таласқа түседі.

Негізі кешегі саяси шараға 8 үміткер қатысқан болатын. Арасында екі әйел бар. Ал конституцияға сай, қазіргі мемлекет басшысы Мишель Бачелет ханым оған қатыса алмайды.

Жалпы дауыс беру кезінде тәртіпсіздіктер тіркелген. Салдарынан 20 адам қамауға алынды. Кеше елде сондай-ақ парламенттік сайлау да өткен болатын.

Себастьян Пиньера, президенттікке үміткер:

– Президенттік сайлаудың екінші кезеңіне дейін Чили халқы өзгерістер мен тұрақтылық, бірлік пен алауыздық, болашақ пен кешегі күн, дағдарыс пен даму арасынан өз қалауына таңдау жасауы тиіс. 

Алехандро Гильиер, президенттікке үміткер:

Чили алға жылжуы керек. Ел өзгерістерді қалайды. Халыққа білім беру және денсаулық сақтау қызметінің қолжетімді болғаны керек. Жақтастарымның көп екенін білемін. Сондықтан біз желтоқсанда өтетін сайлауда жеңіске жетуге тиіспіз.

Хабар 24 телеарнасы