379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рохинджа босқындары отанына оралады

  • 409
  • UPD: 15:39, 20.11.2017

Мьянма мен Бангладеш билігі рохинджа босқындарын отанына қайтару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Бангладеш Сыртқы Істер министрі бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, босқындарды елдеріне қайтарумен айналысатын арнайы топ құрылмақ.

Айта кетейік, елдегі ахуалдың ушығуына 25 тамызда  осы ұлт өкілдерінен құралған қарулы топтардың полиция бекеттеріне шабуыл жасауы себеп болды.

Осыдан кейін үкімет күштері көтерілісшілерге қарсы әскери операция бастап, рохинджа ұлтының өкілдері көрші елге үдере көшкен. Ал жалпы қақтығыс жергілікті биліктің рохинджа халқын «келімсек» деп қу-далауынан туындап отыр.

Саули Муллахи , босқын:

– Елге қайтқымыз келмейді. Тек бір ғана жоспарымыз бар. Елден кеттік пе, енді қайта оралмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы