385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Панама полицейлері 2 тонна кокаин тәркіледі

  • 428
  • UPD: 18:22, 21.11.2017

Арнайы операция Колумбиямен арадағы шекараға таяу маңда жүргізілген.

Қаскөйлер тыйым салынған затты қайыққа жасырып, дәрі-дәрмек ретінде елден алып шығып, АҚШ-қа жеткізбек болған. Негізі былтыр жергілікті полицейлер 72 тонна кокаин тәркілепті. Бұл – ел тарихында  тәркіленген есірткінің ең ірі партиясы. Ал жергілікті биліктің пайымдауынша, биыл мемлекет өзінің өткен жылғы рекордын жаңартатын түрі бар. Айта кеткен жөн, кокаин өндіруден әлем бойынша Колумбия алда келеді. 2016 жылдың көктемінде бұл көрсеткіш соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы деңгейге жеткен.        

Кристиан Хайер, әскери комиссар:

– Біздің бөлімше мамандары кезекшілікте болған. Бір қайық күдікті болып көрінгесін, соңына түскен. Қаскөйлер ізін суытпақ болғанымен, біздің жігіттер оларды қуып жете алды. Сөйтіп есірткі салынған 68 қаптаманы тапқан.

Хабар 24 телеарнасы