388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактың Туз-Хурмату қаласында теракт болды

  • 546
  • UPD: 13:40, 22.11.2017

Ирактың солтүстігіндегі Туз-Хурмату қаласында теракт болып, 32 адам қаза тапты.

75 кісі жарақат алған. Лаңкестік шаһар орталығындағы жеміс-жидек пен көкөніс сататын базардың маңында жасалды. Жанкешті жарылғыш зат жасырынған көлікпен келіп, оны жарып жіберген. Әзірге терактіні ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Жарақат алғандардың көбі ауыр халде. Ал кеше ел премьер-министрі Хейдар әл-Абади «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының жеңіліс тапқанын мәлімдеді. Бірақ қазір елдің әр жерінде содырлардың қалдықтары қалғанын және тек соларды талқандаған соң толық жеңіс туралы айтуға болатынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы