384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ әуе күштері Сомалидегі лаңкестерге соққы берді

  • 460
  • UPD: 13:41, 22.11.2017

АҚШ әуе күштері Сомалиде «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымының жасырын лагерьлеріне соққы беріп, 100-ден астам лаңкестің көзін жойды.

Бұл туралы құрама штаттардың африкалық қарулы күштері әскери басшылығы мәлімдеді. Арнайы операция ел астанасы Могадишодан 200 шақырымдай жерде жүзеге асқан. Ал бұған дейін Құрама Штаттардың әуе күштері «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының содырларын да бомбалаған болатын. Айта кетейік, осы айдың бас кезінде ел билігі «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымын талқандап, жеңіске жеткенін мәлімдеген. Ал оның алдында африкалық одақтың 2007 жылы елге енгізген бітімгерлік күштері біртіндеп шығарылатыны белгілі болды. Ұйымның мұндай шешіміне қазан айында Могадишода жасалған жойқын теракт әсер еткен. Жарылыстан 350 адам көз жұмған. 

Хабар 24 телеарнасы