384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливия үкіметі елдегі үш газ кен орнын игеру туралы келісімге қол жеткізді

  • 554
  • UPD: 18:41, 22.11.2017

Бұл туралы құжатқа осы мемлекетте өтіп жатқан газ экспорттаушы елдердің 4-форумында қол қойылды.

Пайдалы қазбаны игеруге құйылатын инвестиция көлемі 1 жарым миллиард долларды құрайды. Құжатқа сәйкес «Иньигуасу» кен орнын испандық «Репсоль», нидерланд-британдық «Шелл» және аргентиналық мұнай компаниясы бірлесіп өңдейтін болады. Қалған екі орынды жергілікті бірлестіктер игереді. Ал 4 күнге созылатын кездесуде осы саладағы ынтымақтастықты дамыту мен қазіргі нарықта қалыптасқан жағдайды талқылау жоспарлаған. Айта кетейік, әлемдегі газ қорының 67 пайызы осы ұйымға мүше елдерде шоғырланған. Оған 12 мемлекет кіреді және тағы 6 ел бақылаушы мәртебесіне ие.

Антонио Брюфау, «Repsol» компаниясының президенті:

Бұл ауқымды жоба. Қазір барлау зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті биліктің пайымдауынша, кен орындарында газдың мол қоры бар.

Хабар 24 телеарнасы