389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада жоғалған сүңгуір қайық әлі табылған жоқ

  • 569
  • UPD: 11:45, 23.11.2017

Аргентинада өткен аптада жоғалып кеткен «Сан-Хуан» сүңгуір қайығын іздестіру жұмыстары «күрделі кезеңіне» көшкен.

Елдің әскери-теңіз күштерінің өкілдері осылай деп көңіл көншітпей отыр. Олардың пайымдауынша, су көлігінің бортындағы оттегі таусылуға жақын. Өйткені төтенше жағдайда қайық су бетіне жүзіп шықпай, генераторлары жұмыс істемесе, оттегі небәрі 10 тәулікке ғана жетеді. 

Леандро Гамарра, жоғалып кеткен экипаж мүшесінің туысы:

- Біз жақындарымыздың аман-есен оралуын тілейміз. Жағдай күннен-күнге қиындап барады. Сонда да дұға қылып, үмітімізді үзбей отырмыз. Кешіріңіздер. 

Айта кеткен жөн, Аргентинаның әскери-теңіз күштеріне тиесілі «Сан-Хуан» соңғы рет 15 қарашада байланысқа шыққан. Оқыс оқиға кезінде ол Исла Гранде аралынан базаға қайтып келе жатыпты. Бортында 44 экипаж мүшесі отырған. Іздестіру операциясына 10 елден 4 мыңға жуық адам тартылды. Олардың жұмысын нөсер мен асау толқындар қиындатып отыр. Мамандардың пайымдауынша, апатқа тоқтың  қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін.   

Хабар 24 телеарнасы