366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңдегі балабақшада балаларды қараңғы бөлмеде қамап ұстаған

  • 221
  • UPD: 21:52, 24.11.2017

Бейжің балабақшасында балаларға құрамы белгісіз препараттарды егіп, ішуге мәжбүрлеп, оларды қараңғы бөлмеде қамап ұстаған.

Ата-аналар 22 қарашада полицейлерге осындай шағым түсірген. Жергілікті билік құқық қорғау органдарына мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жаппай тексерістен өткізуді тапсырды. Қазір сол мекеменің қызметкерлері жұмыстан аластатылып, тергеу шаралары жүріп жатыр. Балабақша әкімшілігі болса кешірім сұрап, бейнебақылау камералары түсірген материалдарды тәртіп сақшыларына жібергендігін айтып отыр. Тіпті елдің білім министрлігі де тергеу шараларына қосылған.

Хабар 24 телеарнасы