386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте мешітті шабуылдаған 15 лаңкестің көзі жойылды

  • 426
  • UPD: 12:11, 25.11.2017

Египет қауіпсіздік күштері кеше Бир әл-Абед елді мекеніндегі мешітке шабуыл жасаған лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізіп, 15 содырдың көзін жойды.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Билік Оңтүстік және Солтүстік Синайда төтенше жағдай режимін енгізді. Ал лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың саны 235 адамға жетті. Дегенмен бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Тағы 130 тұрғын жарақат алды.

Еске сала кетейік, кеше мешітте жұма намазы кезінде лаңкестер жарылғыш затты іске қосып, ғимараттан жанталаса сыртқа шыққандарға оқ жаудырады. Әзірге лаңкестікті ешбір топ мойнына алған жоқ. Алайда елдің күштік құрылымдары шабуылды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымымен» қатысы бар «Вилаят Синай» тобы ұйымдастыруы мүмкін деп отыр. Ал қайғылы оқиғаға байланысты елде үш күндік аза тұту жарияланды.

Магди Резк, жергілікті тұрғын: 

– Жарылыстан кейін мешіт ішіне 20 шақты қарулы адам кіріп, оқты қарша боратты. Іштегі адамдар бір-біріне соқтығысып, жан ұшыра қашып жатқанда лаңкестердің әскери киім киіп алғанын байқап қалдым.

Хабар 24 телеарнасы