387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде мемлекеттік қызметкерлерді тасыған автобус апатқа ұшырады

  • 493
  • UPD: 18:04, 26.11.2017
Чилиде мемлекеттік қызметкерлерді тасыған автобус апатқа ұшырады Фото: Reuters

Чилиде автобус аударылып, 11 адам қаза тапты.

Чилидің оңтүстігіндегі автобус апатынан тағы 20-ға жуық адам зардап шеккен. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап Telesur хабарлады. Оқиға Аараукания облысында болған. Автобус Тируа кентінің мемлекеттік қызметкерлерін тасыған. Чили президенті Мишель Бачелет қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтты. 

Хабар 24 телеарнасы