383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта өз иесін өлтірген піл мәйітті тығып тастаған

  • 725
  • UPD: 21:19, 27.11.2017
Таиландта өз иесін өлтірген піл мәйітті тығып тастаған Фото: BarcroftMedia/ТАСС

Таиландта өз иесін өлтірген піл құрбанының денесін ағаш бұтақтарының астына тығып тастаған.

Бұл туралы Nation хабарлады.

Кейін ер адамның туыстары оны бірнеше сағаттан кейін ғана тауып алған. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Краби провинциясындағы Кхао Пханом ауданында 26 қараша күні болыпты. 

Полицияның мәліметінше, туған-туыстары 50 жастағы Аморн Моракоттың мәйітін шынжырланып тұрған пілінің қасындағы бұтақтар үйіндісінің астынан тауып алыпты. Сараптама қорытындысы бойынша ер адам бас және денеге жасалған соққылардан қайтыс болған. Отбасы мүшелері сол күні Моракот күні бойы ағаш тасыған пілін шынжырлап байламақшы болғанын айтады. Фермер бірнеше сағат көрінбей кеткендіктен, туыстары оны іздеуге шығыпты. Жақындарының айтуынша, хайуан бұған дейін де иесіне шабуыл жасап, жарақаттаған.

Хабар 24 телеарнасы